Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінің қатысуымен семинар өткізілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінің қатысуымен семинар өткізілді

2018 жылдың  26 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық  университетінде Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары  Г.Б. Турлыханова және  құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерімен ЖОО-ның студенттерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Шара барысында  ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының өзекті жаңалықтары түсіндірілді.

Презентациядан кейін студенттер тарапынан қызығушылық тудыратын заң кеңесшілерінің палатасына кіру тәртібі, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу және  Е-адвокатура жүйесін енгізуге қатысты сұрақтар қойылды.

Семинардың қорытындысы бойынша университет қызметкерлерінің тарапынан қосымша түрде нотариат сұрақтары бойынша кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс туындады. 

 

Құқықтық түсіндіру және халыққа заң қызметін көрсету бөлімі