2020 жылғы 25 тамызда зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (ЗМҚМК) 10-шы отырысы өтті

2020 жылғы 25 тамызда зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (ЗМҚМК) 10-шы отырысы өтті

2020 жылғы 25 тамызда зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (ЗМҚМК) 10-шы отырысы өтті, оған ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаменті мен ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері қатысты.

ЗМҚМК-ның 10-шы отырысының жұмысына ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің патенттік ведомстволарының, ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Еуразиялық патенттік ведомствоның және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысты.

ЗМҚМК отырысы барысында ЗМҚМК 9-шы отырысының шешімдерін орындау туралы, Зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы ЗМҚМК мүше-мемлекеттердегі істердің жай-күйі туралы, ЗМҚМК мен Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясының (РМЗМА) қызметі туралы есептер, сондай-ақ 2016 жылғы 28 қазандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпарат тыңдалды және талқыланды.

Сондай-ақ, ЗМҚМК мүшелері патенттік ведомстволардың COVID-19 пандемиясы кезеңінде өтініш берушілермен, құқық иелерімен және мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылы туралы ақпарат берді, пандемияның жағымсыз салдарын еңсеру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Қатысушылар ЗМҚМК шеңберіндегі одан әрі жұмыс және өзара іс-қимыл туралы, ТМД елдерінің «CISPATENT» өңірлік патенттік-ақпараттық өнімін өнеркәсіптік шығару жөніндегі жоба туралы ұсыныстар айтты.

ТМД Атқарушы комитеті ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің цифрлық ортадағы авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау және сақтау жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісім мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жалған тауар таңбалары мен географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісім жобаларының ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат берді.

ЗМҚМК-ның келесі отырысы 2021 жылдың екінші жартыжылдығында Молдова Республикасында өткізу жоспарланған.