ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті

ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті

Ағымдағы жылғы 20 тамызында Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Б. Ақылбайдың басшылығымен Қоғамдық кеңестің отырысы ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

         Отырыстың жұмысына ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры Сарпеков Р.Қ., ҚР Судьялар одағының төрағасы С. К. Байбатыров., «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы» ЖМ бас директоры Л.Ю. Балмағамбетова., Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Баймуханова Қ.Р., Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының палатасы басқармасының төрағасы Ибраев Е.Е., «Көмек» адамдарды сату құрбандарының уақытша тұратын орталығы» Ж.М. Рыль А.И.,     «Серпін» білім беру ұйымдарының Ұлттық ассоциациясы төрағасының орынбасары Артакшинова А.С., Астана қаласы адвокаттар қоғамының мүшесі Кулубекова А.А., «Асыл» ҚБ төраға орынбасары Токушев Е.М., AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық ассоциясының төрағасы Балтабайқызы Н., және  «Қазақстандық Заңгерлер одағы» ОҚБ мүшесі Ф.Ж.Қарабаев  қатысты.

         Отырыста үш мәселе қарастырылды:

         - 2020 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы бойынша алимент өндіру бойынша сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген талдау нәтижелерін талқылау; 

          - Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту перспективаларын талқылау;

         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметкөрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмысының нәтижесін талқылау.     

          «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.    

         Қоғамдық кеңес, алименттер өндіру мәселесі бойынша барша өңірлердің әкімдерімен өзара қарым-қатынас туралы жасасқан үшжақты меморандумдармен қоса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен бұйрықтың аясында жұмыс орны жоқ алименттер бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру жайында тұрақты  негізде жұмыс жүргізуді, тұрғындарды жұмыспен қамсыздандыру орталықтары арқылы жұмыспен қамту мүмкіндігі туралы ақпараттық жұмыс жүргізуді ұсынды.