2020 жылғы 17 тамызда Әділет министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдардың заң қызметтері үшін халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық комиссияның ұлтаралық сипаттағы шешімдерін жасасу, орындау және күшін жою, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының қалыптасуына әсері туралы мәселелер бойынша семинар өткізілді.
Семинар онлайн-форматта өтті, оған мемлекеттік органдардың 60-тан астам өкілі қатысты (ІІМ, СІМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, МСМ, ЦДИАӨМ, ҚМ, ҰҚК, МҚІА, ҚМ, ИИДМ, АШМ, СЖҚІҚА, ДСМ, ЖС, БП, ОСК, ҰБ, ЭМ, ЭГТРМ).
Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдеріне халықаралық шарттардың жобаларын келісу және жасасу, оларды орындау және күшін жою тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ ЕАЭО құрылымы және ұйымдар шеңберінде қабылданатын шешімдердің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға халықаралық шарттарды әзірлеу, келісу және жасасу ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау және күшін жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері семинардың жоғары өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ халықаралық шарттар жасасу тетігімен егжей-тегжей танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.