2018 жылғы 31 қазан сағ. 09.30-да Назарбаев орталығында «Шапағат» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Үздіктер 3 республикалық байқаудың қорытындысы бойынша анықталды:
- «N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы;
- «Шапағат» өнертапқыштар онлайн байқауы;
- «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» жас өнертапқыштар арасындағы байқауы.
Аталған форум ҚР Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ұйымдастырумен өтті.
«N. Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы – оқушылардың транспорт саласына деген қызығушылықтарын тудыртып, біліміндерін тереңдетуге бағытталған.
Шара барысында «Шапағат» өнертапқыштар онлайн байқауының жеңімпаздары марпатталады. Байқауға қатысушылар өздерінің патенттелінген өнертабыстарын, пайдалы моделдер мен өнеркәсіптік үлгілерін видеоға түсіріп, сайтқа жүктеген. Үздіктер халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталды.
Сондай-ақ «Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап та жасампаз бол» жас өнертапқыштар арасындағы байқаудың жеңімпаздары да өз марапаттарын алады. Биыл конкурсқа республика бойынша 8-11 сынып оқушылардан 500-ден астам қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған эссе келіп түскен.
Қатысушыларды тіркеу сағ. 09.00-де.
Аккредитациядан өту қажет!
БАҚ қызметкері туралы ақпаратты (Аты-жөні, төлқұжат №, ЖСН, автокөліктің маркасы мен мем.нөмірі) 31-ші қазан сағ. 17.00 –ге дейін
pressgov@mail.ru электрондық поштаға жіберсеңіз.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
тел./факс: 74-06-01, 74-06-02, 554701, 87025215582