Астана - 2018 жылғы 1-2 қарашада Назарбаев орталығында сағ. 10:00-де әкімшілік құқық бойынша «Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Халықаралық конференция жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Германия, Латвия, Люксембург, Швейцария, Эстония, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және басқа да елдердің халықаралық сарапшылары, сонымен қатар ғылыми қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдері, практик заңгерлер қатысады.
Конференцияның мақсаты: мемлекеттік органдармен дауларда азаматтардың құқықтарын қорғауға және ең озық әлемдік тәжірибе негізінде жария құқықты одан әрі дамытуға бағытталған, қазақстандық әкімшілік заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасу және талқылау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Әділет министрлігі, ҚР Заңнама институты, Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры.
Қатысушыларды тіркеу сағ. 09.00-де.
Аккредитациядан өту қажет!
БАҚ қызметкері туралы ақпаратты (Аты-жөні; төлқұжат №, ЖСН, автокөліктің маркасы мен мем.нөмірі) 31-ші қазан сағ. 17.00 –ге дейін
pressgov@mail.ru электрондық поштаға жіберсеңіз.