
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет министрі міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова Астана қаласының тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар атқару өндірісі мен сот-медициналық сараптамасына қатысты мәселелерін айтты.
Ботагөз Жақселекова әрбір өтінішті қарап шығып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтерілген мәселелерді шешуге тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін мәселелер Ботагөз Жақселекованың жеке бақылауына алынды.