
Астанада Игорь Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Аталған іс-шарада вице-министр “Адвокатура институтын дамыту туралы” тақырыбында баяндама жасады.
Лаура Мерсалимова адвокаттардың кепілдіктерін кеңейтуді қоса алғанда, адвокаттық қызмет бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарына, сондай-ақ білікті заң көмегін ұсыну және оны автоматтандыру мәселелеріне тоқталып өтті.
Аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жалғасатын болады.