2020 жылғы 30 шілдеде халықаралық Төрелік Трибунал 2016 жылы канадалық "Gold Pool JV Ltd" компаниясы "Қазақалтын"АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты Қазақстан Республикасына қарсы бастаған төрелік істің сот қарауына жатпайтындығы және тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Талап арыздың сомасы 917 млн АҚШ долларын құрады.
1996 жылғы наурызда Голд Пул компаниясы кәсіпорынның қарыздарын өтеу, өндірісті қалпына келтіру және жаңғырту, қолайлы қаржылық жағдай жасау және тиімді нарықтық стратегия жасау мақсатында "Қазақалтын" АҚ-ны басқаруына алды. Голд Пул келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмады. Ұзақ уақыт бойы төленбеген жалақы бойынша кәсіпорынның қала құраушы объектілері қызметкерлерінің алдындағы берешек тұрақты түрде өсті. Негізінен жұмыс істемейтін алтын өндіретін кеніштердің (Ақсу, Жолымбет және Бестөбе) жұмысы жолға қойылмаған. Кәсіпорынның басқа алтын кен орындарындағы шахталар қараусыз қалып, су басты. Кәсіпорында өндірістік қуаттарды жаңарту және қажетті геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмеді, кенді қайта өңдеу және алтын өндіру жолға қойылмады. Кәсіпорынның жұмысшылар мен мердігерлер алдындағы қарыздары өсе берді. Басқарушы компания өзінің қаржылық дәрменсіздігін көрсетті және іс жүзінде банкротқа ұшырады. Сәтсіз жұмыс нәтижесінде жұмысшы ауылдар жылыту маусымына дайын болмады және олардың тұрғындары зардап шекті.
Бірнеше рет жасалған ескертулерден және кемшіліктерді түзетуге уақыт берілгеннен кейін, аталған жүйелі бұзушылықтарға байланысты 1997 жылғы тамызда басқарушы компаниямен келісімшарт бұзылды.
"Голд Пул" компаниясы көп ұзамай мемлекеттік органдарға қарсы басқару келісімшарты бойынша халықаралық коммерциялық төрелікке жүгінгенімен, содан кейін ол ешқандай өндірістік қадамдар жасамады. Осылайша, ол заңды рәсім шеңберінде өз талаптарын талап етуді тоқтатты. Келісімшартқа қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап қою мерзімі 2000 жылы аяқталды.
Осыған қарамастан, жоғарыда көрсетілген оқиғалардан 17 жыл өткен соң, 2014 жылғы ақпанда талапкер Қазақстан Республикасына қолданылатын іспетті 1989 жылғы Күрделі салымдарды көтермелеу және өзара қорғау туралы кеңестік-канадалық келісімін негізге ала отырып, дау туралы хабарлама жіберді. 2016 жылдың наурыз айында талапкер төрелік талқылауды бастамашылық етті.
Іс жүзінде әрбір төрелік процесс юрисдикция, даудың мәні және талап қою сомасын бағалау мәселелерін қарауды қамтиды. Осы бағыттардың әрқайсысы мұқият дайындықты және материалдарды жинауды қажет етеді. 2014 жылдан бастап Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің консультанты алдағы талқылауда дәлелдеме базасын жинау бойынша жұмыс жүргізді.
Республика өзін міндеттемелермен байланысты деп санамайтын 1989 жылғы кеңестік-канадалық келісімнің Республикаға қолданылуы туралы Талапкердің мәлімдемесіне байланысты, Республиканың төрелік наразылықтарын қалыптастыру кезінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Мемлекетаралық келісімдерге талдау жасалды, ел тәуелсіздік алған сәттен бастап әр түрлі кезеңдердегі мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ дипломатиялық ноталар, үкіметаралық деңгейдегі мәлімдемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың хат алмасулары және жазбалары табылды және және мұқият зерттелді.
Бұл ондаған жылдар бойы Канадамен қарым-қатынастың даму көрінісін қалпына келтіруге көмектесті, бұл кеңестік-канадалық келісім бойынша Республиканың қандай да бір құқықтық мирасқорлығының жоқтығы туралы мемлекеттің ұстанымын нығайтуға ықпал етті.
1990 жылдардағы заңнамалық база да талданды, ол төрелік сот талап арыз берілгенге дейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар, куәгерлерді іздеу және тарту жұмыстары жүргізілді. Олардың айғақтары 1989 жылғы Келісімі бойынша елдің мұрагерлігінің болмауы, Үкімет тарапынан басқару туралы келісімшарт ережелерін бұзушылықтардың болмауы туралы көзқарасты нығайтты және төрелік талқылауда маңызды рөл атқарды.
Оқиғалар мен