
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Даниель Ваисов Алматы облысы мен Түркістан қаласының тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар сот-медициналық сараптамаға қатысты сұрақтарын қойды.
Аталған мәселелердің барлығы министрлік басшылығының жеке бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу бойынша тұрақты түрде жүргізіледі.