
Бүгін Даниель Ваисов Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарға қабылдау өткізді.
Шымкент, Алматы қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары алимент және мәжбүрлеп орындату мәселелері бойынша өз шағымдарын айтты.
Даниель Ваисов шағымдар бойынша жан-жақты жауап беріп, аталған мәселелер жеке бақылауына алынатынын айтты.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр әділет органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.