
«Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу» тақырыбындағы әкімшілік құқық бойынша IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
2018 жылғы 1-2 қарашада Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Назарбаев Орталығында» «Әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізу» IX халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасы мен шет елдерде әкімшілік құқықта атқарушылық іс жүргізудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау.
Халықаралық конференция жұмысына ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, GIZ-дің Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Түрікменстандағы өкілдігінің басшысы, Берлин қ. Әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі доктор Тило Клиннер, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, сонымен қатар ғылыми қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдері, практик заңгерлер қатысты.
Шараға отандық өкілдерден басқа Германия, Люксембург, Швейцария, Эстония, Латвия, Грекия, Әзербайжан, Армения, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей сияқты алыс- жақын шетелдерден 100-ден астам адам қатысты.
Конференцияны салтанатты түрде GIZ-дің Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Түрікменстандағы өкілдігінің басшысы, Берлин қаласы Әкімшілік сотының судьясы Йорг Пуделька ашты. Ол сөзінде кезекті тоғызыншы конференцияның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығында атқарушылық іс жүргізуге арналғанын атап өтті. Бұған қоса, Йорг Пуделька жария-құқықтық даулар бойынша әкімшілік актілерді, сондай-ақ сот шешімдерін орындауды қамтамасыз ету реформаланатын заңдардың тиімділігі мен оны халықтың қабылдауы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Әкімшілік актілерді тиісінше орындағанда ғана тиімді құқықтық қорғау қамтамасыз етілуі мүмкін. Осындай жағдайда ғана әкімшілік құқық реформалары экономиканың тұрақты дамуына өз үлесін қосады.
Конференция жұмсына қатысқан Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев алғы сөзінде Қазақстан бірнеше жыл бойы әкімшілік әділеттің оңтайлы үлгісін іздеу бойынша жұмыс жүргізіліп, қазіргі уақытта Әділет министрлігі Жоғарғы сотпен бірлесіп, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасын жасап жатқанын айтты.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға, қоғамдық, ғылыми ұйымдарға, жоғары оқу орындарына жіберілетін ұсынымдар қабылданды.