
Әділет министрлігі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті орындауы туралы үшінші баяндамасын талқылау бойынша кезекті кездесу өткізді 2020 жылдың 15 шілдесінде мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кемсітушілік мәселелеріне қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші кезеңдік баяндаманы талқылау бойынша кезекті кездесу өтті.
Азаматтық қоғам өкілдері «кемсiтушiлiк» терминінің анықтамасын беру, арнайы кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу және кемсітушілік мәселелерімен айналысатын рәсімдер мен институттар құру, сондай-ақ, діни сараптама жүргізу талабын алып тастау қажеттілігі, кәмелетке толмағандардың діни бірлестіктер қызметіне қатысуы және банк қызметтерін алуы туралы мәселелерді көтерді.
Гендерлік тану рәсімін қайта қарау, трансгендер адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек алу үшін жасты төмендету және аты, әкесінің аты, тегін өзгерту үшін жынысын хирургиялық түзету талабын алып тастау ұсынылды.
Азаматтығы жоқ тұлғалар санаты үшін соттық қорғау қолжетімдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге қатысты, кемсітушіліктің криминализациялау, сотталған тұлғалардың нақты санаттары үшін жағдай жасау, құқық қорғаушыларды қорғау тетігін құру және БҰҰ Комитеттерінің шешімдерін орындау туралы ұсыныстар, сондай-ақ анасында құжат болмаған жағдайда жаңа туған баланы құжаттау мәселелері айтылды.
ҮЕҰ қатысуымен келесі кездесу ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Азаптауға қарсы күрес» тақырыбы бойынша жоспарлануда (Баяндаманың ІІІ бөлімі).
Кездесудің барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.