Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті

Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Қоғамдық кеңестің төрағасы О.И.Жұмабековтың басшылығымен Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2018 жылдағы төртінші отырысы өткізілді.

Отырыстың жұмысына «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай С.Б., ҚР Судьялар одағының төрағасы С. К. Байбатыров., «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы» ЖМ бас директоры Л.Ю. Балмағамбетова., «Келісу» «Кәсіби медиаторлар одағы» РҚБ директоры С.Б.Ыдрысова., ҚР Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Ә.Б.Жанәбілова., ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының төрағасы Е.Е.Ибраев., «Көмек» адамдарды сату құрбандарының уақытша тұратын орталығы» ЖМ-нің директоры Рыль А.И., Астана қаласы адвокаттар қоғамының мүшесі Кулубекова А.А., «Қазақстанның интернет Ассоциациясы» ЗТБ зияткерлік меншік құқығы жөніндегі жұмыс тобының төрағасы В.Б.Төреханов., «Қазақстандық Заңгерлер одағы» ОҚБ мүшесі Ф.Ж.Қарабаев  қатысты.   

Отырыста үш мәселе қарастырылды:   

- Сот актілерін орындау бойынша жұмыс қорытындысын, оның ішінде жеке орындау институтын дамыту мәселелерін талқылау;   

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау;  

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу, соның ішінде «жасырын сатып алушы» жобасын іске асыру барысында анықталған  өзекті мәселелер мен заңбұзушылықтарды талқылау туралы.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

Қоғамдық кеңес Сот актілерін орындау департаментіне атқарушылық іс жүргізуді одан әрі жетілдіру, жеке сот орындаушыларының әлеуметтік-маңызы бар атқарушылық құжаттарды орындау кезіндегі қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін арттыру және уәкілетті орган тарапынан бақылауды күшейту бойынша түзетулерді қабылдауды ұсынды.

Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері жылына екі реттен көп емес халықты БАҚ және интернет-ресурс арқылы Қоғамдық кеңес қызметі туралы ақпараттандыруды мақсатқа сай деп таныды.