
Азаматтарды қабылдау орталығына Астана және Ақтау қалаларының тұрғындары Азамат Есқараевқа бірнеше мәселемен келді.
Оның ішінде жеке сот орындаушылардың әрекетіне, нотариустар мен адвокат қызметтері бойынша шағымдар айтылды.
Әділет министрі сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қосымша зерттевді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынатынын айтты.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша министр әділет органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.