
2018 жылдың 31 қазан мен 1 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп, «Контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы іс-қимыл. Келтірілген залалды бағалау әдіснамасы» тақырыбында субаймақтық семинар өткізілді.
Шараға Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері, шетелдік сарапшылар, Қазақстан Республикасының, Ұлыбританияның, Қырғызстанның және Өзбекстанның судьялары, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ зияткерлік меншік иелері қатысты.

Семинар аясында шетелдік және қазақстандық спикерлер зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, айрықша құқықтарды бұзған жағдайда зиянды есептеу әдістері және куәліктер қолдануын жинау, сондай-ақ тұтынушылар және қоғамда контрафактілік тауарларды тарату қарым-қатынастары туралы мәселелерін талқылады.
Қатысушылар контрафактілік өнімдерді тарату, басқару әдісі және осы құбылысқа қарсы әрекет етуде қоғамның қызығушылығын арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, семинар барысында осы тақырып бойынша ситуациялық есептерді шешу түріндегі тәжірибелік сабақ және зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласын дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.
Семинар қатысушылары аталған мәселелерді талқылауға белсене ат салысты және «контрафактілік тауарларды тарату» құбылысымен күресу бойынша өз пікірлерімен бөлісті.