
ҚР Әділет вице-министрі Дүниежүзілік өнертапқыштар мен кәсіпкерлер қауымдастығының (WWIEA) президенті Ми Ён Ханмен кездесті.
Кездесу барысында зияткерлік меншік саласында тәжірибе алмасып, ынтымақтастық идеялары айтылып, алдағы уақытта өтетін бірлескен іс-шаралар жоспары да талқыланды.
Тараптар зияткерлік құқықтарды қорғау жүйелерін және инновацияларды қолдау тетіктерін әзірлеу бойынша пікір алмасты.