
Ботагөз Жакселекова Грузияның Ұлттық зияткерлік меншік орталығының (Сакпатенти) төрағасы Сосо Гиоргадземен кездесіп, зияткерлік меншікті дамыту мәселелерін талқылап, осы салада тәжірибе алмасты.
Екі жақ географиялық көрсеткіштер мен олардың ұлттық тауарларды ілгерілетудегі рөлін талқылауға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, зияткерлік меншік саласындағы бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грузиядағы зияткерлік меншік жүйелерін тиімді дамыту үшін тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.