Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдады

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдады

Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарға қабылдау өткізді.

Ақтау, Талдықорған және Алматы қалаларының тұрғындары әр-түрлі мәселелерді көтеріп, жеке сот орындаушылардың қызметіне, атқарушылық іс жүргізуге, сондай-ақ сот-медициналық сараптама нәтижелеріне қатысты шағымдарын жеткізді.

Вице-министр азаматтардың өтініштерін тыңдап, әрбір мәселе бойынша тиісті түсініктемелер берді.
Бекболат Молдабеков сот жұмысындағы ашықтық пен әділдіктің маңыздылығын, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру қажеттігін атап өтті.

Қабылдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне нақты тапсырмалар берді.