Заңды тұлғаларды тіркеу міндеттерін беру бойынша пилоттық жоба

Заңды тұлғаларды тіркеу міндеттерін беру бойынша пилоттық жоба

8 қарашада Шымкент қаласы Әділет департаментінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аумақтық әділет органдарының коммерциялық заңды тұлғаларды олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты тіркеу міндеттерін беру бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығын орындау мақсатында дөңгелек үстел  өтті.  

Дөңгелек үстел барысында аталған пилоттық жобаны іске асыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің  жауапты мамандарының кестесі бекітілді және өткізілетін іс-шаралар жоспарланды.

 

Шымкент қаласының

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі