
Кездесу барысында Вице-министр Қазақстан Республикасында қабылданған адам құқықтары саласындағы өзекті реформалар туралы хабардар етті. Микаэла Фриберг-Стори ханым Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық нормаларға бейілділігін оң бағалады.
Тараптар Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші Ұлттық баяндамасын дайындау мәселелерін талқылады және ынтымақтастықтың одан әрі жолдары туралы уағдаластыққа келді.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға үміт білдірді.