
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығына Астана және Щучинск қалаларының тұрғындары сұрақтармен жүгінді.
Қабылдау барысында Әділет министрінің м.а. сот-медициналық сараптамалардың жүргізілуі мен нәтижелеріне қатысты сұрақтарды қарады.
Азаматтардың өтініштерін тыңдаған Лаура Мерсалимова өз құзыреті шегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті тапсырмалар берді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынды.