
8 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде ауылда (кентте) нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалардың кезекті аттестация бойынша отырысы өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының тапсырған тізіміне сәйкес, аттестациядан өту үшін 48 үміткер шақырылды. 43 маман қатысып, 35 үміткер аттестаттау комиссиясының шешімімен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға рұқсат алды.
Жалпы аттестация тиісті деңгейінде өтті және өткізілу сапасы мен ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар мен шағымдар түспеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің баспасөз қызметі