Этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті

Этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті

Әділет департаментінің және «НұрОтан» партиясының Алматы облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 9 қарашасында Департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық ұғымдары мен түрлерін түсіндіру, оның пайда болуы және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларын сақтау.

Аталған іс-шараға Әділет департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және Әдеп жөніндегі уәкіл қатысты.

Іс-шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізу, қызметкерлердің еңбек тәртібін нығайту, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халыққа қызмет көрсету мәдениетін арттыру, этика нормаларын қатаң сақтау туралы шешім қабылданды және тапсырмалар берілді.

 

Алматы облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі