
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылдың 9 қарашасында нормативтік құқықтық актілерді электрондық мемлекеттік тіркеу және НҚА-дің жобаларын алдын ала келісу бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдерімен, сонымен бірге «ҰАТ» АҚ қызметкерлерінің қатысумен семинар өтті.
«ҰАТ» АҚ мамандарымен МОИП жүйесі арқылы жобаларды мақұлдау жұмыстарының өзгерістері түсіндірілді.
НҚА тіркеу бөлімінің басшысы «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбына баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар күн тәртібіндегі тақырып бойынша пікір алмасты және қажетті түсіндірулер алды.
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі