
Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Астана, Алматы, Ақтөбе және Түркістан қалаларының тұрғындарын қабылдады. Өз кезегінде тұрғындар заңнаманы түсіндіру, сот реформасын талқылау, басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, заң кеңесшілері мен нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдарын жеткізді. Сондай-ақ Лаура Мерсалимова министрлік жұмысын жақсарту мен көрсетілетін заң қызметтерінің сапасын арттыру үшін кері байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Әділет вице-министрі азаматтардың өтініштерін тыңдап, өз құзыреті шегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрылымдық бөлімше басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Әділет министрлігі бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыратын болады.