2018 жылдың 14 қарашасында Алматы облысы Әділет департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жеке сот орындаушылардың және Алматы облысы полиция Департаментінің жол басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Жауапты борышкер» атты рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс–шараның мақсаты – әлеуметтік санатқа жататын, әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлерді анықтау. Яғни қала аумағындағы барлық автокөлік иелерін тоқтату барысында сот актісін орындаудан жалтарып жүрген борышкер болып табылатын тұлға анықталған жағдайда, оның автокөлігіне тыйым салынып, айыптұрағына жөнелтіледі. Айыппұл толық немесе ішінара төленбегенше борышкердің автокөлігі арнайы айыптұрақтан босатылмайды.
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі