Әділет министрлігі азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құруды жалғастыруда

Әділет министрлігі азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құруды жалғастыруда

2019 жылғы 25 қазанда БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары тобы ««Феминита» Қазақстандық феминистік бастама» қоғамдық қорын тіркеу мәселесі бойынша өтініш жіберді.

Белгіленген мерзімде 2019 жылғы 19 желтоқсанда Жарғы ережелерінің заңнамаға сәйкес келмеуіне байланысты тіркеу мерзімі тоқтатыла тұру туралы жағдайды түсіндірілген Қазақстан Республикасының жауабы жіберілді. Бұл туралы Қордың құрылтайшылары хабардар етілді.

А.ж. 25 маусымында ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу барысында Әділет министрі Марат Бекетаев Евгений Жовтиске (Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросының директоры) медиат ретінде қатысуды өтінді.

А.ж.2 шілдесінде онлайн консультациялар өткізілді, онда Е.Жовтис (медиатор ретінде), Г.Сержан, Ж.Секербаева (Қордың құрылтайшылары), А. Камидола (Қордың заң кеңесшісі), А. Ахметова (әділет вице-министрі), А. Надиркулова (Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары), Г. Кокобаева (Алматы қ. Әділет департаментінің бастығы), З. Сатхожина (Алматы қ. Әділет департаменті басшысының орынбасары)қатысты.

Евгений Жовтис ұсынған тұжырымдаманы тараптар мақұлдағанын қуана хабарлаймыз. Осылайша, Жарғының жаңа редакциясын ұсынылған кезінде барлық тіркеу рәсімдері мүмкіндігінше тезірек жүзеге асырылады.

Евгений Александровичке белсенді азаматтық ұстанымы және медиатор болуға келіскені үшін алғыс білдіреміз.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі азаматтық қоғаммен ашық диалог құруға дайын екенін тағы да растайды.