Әділет вице-министрі Даниэль Вайсов азаматтарға қабылдау өткізді

Әділет вице-министрі Даниэль Вайсов азаматтарға қабылдау өткізді

Бүгін Азаматтарды қабылдау орталығына Астана қаласы және Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары Әділет органдарының қызметіне қатысты сұрақтармен жүгінді.
Қабылдау барысында вице-министр Даниэль Вайсов аумақтық әділет басқармаларының, жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне, алимент төлеу, сот-медициналық сараптамаларының қорытындысына қатысты мәселелерді қарады.
Азаматтардың өтініштерін тыңдаған Әділет вице-министрі өз құзыреті шегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар берді.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынды.