
2018 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Заңнама институты Ғылыми-әдістемелік кеңесінің ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау бойынша кеңейтілген отырысын өткізді.
Отырыс Қазақстан Республикасының Заңнама институтының Құқықтық мониторинг орталығы жүргізген «Заңды тұлғалар туралы заңнамаға жүргізілген мониторинг: теория және қолдану практикасы» атты қолданбалы ғылыми зерттеуді және Қазақстан Республикасының Заңнама институтының Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімі жүргізген заңды тұлғалар мен корпоративтік қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары аясындағы қолданбалы ғылыми зерртеулерді талқылауға арналды.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысты.
Іс-шара бағдарламасы келесі спикерлердің баяндамаларын қамтыды: з.ғ.к., Каспий университетінің академиялық профессоры Климкин С.В.; з.ғ.д., Нәрікбаев М.С. атындағы ҚазГЗУ университетінің профессоры Ыдырышева С.Қ.; Висмар университетінің (Германия) құқық докторы Шрамм Х.-Й.; «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, Каспий университеті «Әділет» жоғары мектебінің қауымдасқан профессоры Нестерова Е.В. және т.б.
Отырыс барысында заңды тұлғаларды құқықтық реттеудің тұжырымдамалық проблемаларына, Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамасын жетілдіру бағыттарына, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар мен корпоративтік қатынастар туралы заңнамасының жекелеген аспектілеріне салыстырмалы-құқықтық талдау нәтижелеріне қатысты және т.б. тақырыптардағы негізгі баяндамалар тыңдалып талқыланды.
ҚР Әділетминінің баспасөз-қызметі,
тел./факс: 74-06-01, 74-06-02
веб-сайт: http://www.adilet.gov.kz
электронды адрес: press@minjust.kz