2018 жылдың 16 қарашасында жеке сот орындаушыларының және Маңғыстау облысының Жол басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен борышкерлердің автокөліктерін ұстау бойынша рейдтік іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты – сот орындаушылары қабылдаған шараларға қарамастан, айыппұл сомасын өтемей жүрген борышкерлердің автокөліктерін ұстап, айыппұл тұрағына тоғыту.
Жүргізілген 2 сағаттық рейдтің нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша 5 автокөлік ұсталып, нәтижесінде олардың қарызы өндірілді. Бұл іс-шара келер апта бойы облыстың барлық аумағында жалғасады.
Сондай-ақ, көрсетілген шара жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттарының орындалуына тиімді нәтиже беріп, жергілікті бюджеттің толтырылуына оң әсерін тигізеді.
Жалпы, қолданылған атқарушылық шаралардың нәтижесінде, ағымдағы жылы облыстың сот орындаушыларымен 2000-ға жуық облыс полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қаулылары бойынша мемлекет пайдасына шамамен 38 млн теңге айыппұл өндірілді.