
Бағалау кезеңінде Басқарушы комитеттің 2 отырысы және Әділет министрлігінің жобаларын іске асыру барысы туралы Жобалық офистің 5 скрам-кеңесі өтті.
Digital Justice жобалар портфелі таныстырылды, базалық бағыттардың, жобалар топтарының басшыларымен және жобалар менеджерлерімен рәсімдер мен процестерді, сондай-ақ жобалау комитетіндегі рөлдерді нақтылау бөлігінде сұхбат және Жобалық офис қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.
Жалпы, бағалау және жүргізілген талдау қорытындысы бойынша БҰҰДБ ұлттық консультанты жобалық басқару бойынша оң баға берді, сонымен қатар Жобалық офистің қызметін одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар мен ұсыныстар айтылды.