
Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Әділет министрі Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы үшінші мерзімді баяндаманың жобасы туралы хабардар етті.
Кездесуге қатысушылар Пактіде көрсетілген құқықтарды іске асыру бойынша қабылданған шаралар, проблемалар және соңғы төрт жылда қол жеткізген жетістіктер туралы талқылады.
“ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынас - біздің ведомствоның маңызды бағыттарының бірі. Осы кездесуге қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жемісті ынтымақтастықтағы жұмысымыз одан әрі жалғасады деп үміттенеміз”,-деді министр мырза.
Кездесу онлайн форматта өткенін және оған 90-нан аса мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысқанын атап өткен жөн.