
Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев Zoom-конференция форматында Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған ерікті студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлады министр мырза әлеуметтік желідегі парақшасында https://www.instagram.com/p/CBzzcGcJ41m/?igshid=1j79786uxfqpm.
Марат Бекетаев өз сөзінде Президент Қ.К. Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялағаннан кейін әділет органдары ерікті студенттердің қатысуымен азаматтарға тегін заң көмегін көрсету бойынша іс-шаралар ұйымдастырғанын атап өтті.
Бұл ретте, аумақтық әділет органдары студенттерге арнап семинар-тренинг ұйымдастырды. Оқу курстарынан өткеннен кейін еліміздің 36 жоғары оқу орнының 1 500 жуық студент-волонтерлер мен Заң факультетінің магистранттары әділет органдарының қызметкерлерімен бірге кеңес өткізді.
Ведомство басшысы айтып өткендей, Республика бойынша 10 000-ға жуық іс-шара, онлайн консультация ұйымдастырылды, бұған 100-ден астам телефон байланысы қолданылды. Сонымен қатар заң көмегін көрсету бойынша жұмыстар әлеуметтік желілер арқылы жүргізіледі. Жалпы 13000-нан астам азаматқа консультация көрсетілді.
Сондай-ақ мұндай іс-шаралар ірі сауда орындарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дағдарыс орталықтарында, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Марат Бекетаев әр еріктімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Сөз соңында министр мырза осы іс-шараларға қатысқан студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін атап өтіп, оларға еңбегі үшін алғысын жеткізді. Осы жобадан алған тәжірибе болашақта пайдалы болады деген сенімін білдірді.