Алматы облысында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

Алматы облысында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті

23 қарашада Алматы облысында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтті. Шараға облыстық Әділет департаментінің, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері қатысты.

Акцияның басты мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер беру.

Акцияға қатысқан азаматтар: жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, азаматтардың хал-актілерін тіркеу және апостильдеу, зияткерлік меншікті қорғау, сот актілерінің орындалуы туралы, сонымен қатар,   адвокаттар мен нотариустарға және жеке сот орындаушыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына қатысты мамандар тарапынан нақты құқықтық көмектер алды.    

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында өткізілді. Аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Алматы облысының Әділет департаменті