Ақпараттық хабарландыру

Ақпараттық хабарландыру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы көпшілік талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің legalacts.egov.kz  интернет-порталында орналастырылды.

Заң жобасы озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, оның ішінде Ақылды реттеу қағидаттарын пайдалануды кеңейту арқылы Қазақстанда норма шығаруды жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына әкеп соқпайды.

 

Қазастан Республикасы

Әділет министрлігінің Заңнама департаменті