Жемқорлықтың алдын алу және нормашығармашылық процесті одан әрі жетілдіру жолындағы құқықтық ағарту

Жемқорлықтың алдын алу және нормашығармашылық процесті одан әрі жетілдіру жолындағы құқықтық ағарту

Әділет министрлігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, LLP Reed Smith заң компаниясының қолдауымен «Жемқорлықтың алдын алу және нормашығармашылық процесті одан әрі жетілдіру жолындағы құқықтық ағарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шарада Вице-министр Н.В. Пан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Заңнама институтының өкілдері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың нормашығармашылық процеске төмен қатысу мәселелері, мемлекеттік билік институттарына деген сенімді ұлғайту арқылы олардың қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Бұл тәсілдер нормашығармашылық мәселелері жөніндегі тұжырымдамада көрсетілетін болады. Бұл тұжырымдамамен legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.