ШҚО-да республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

ШҚО-да республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ бірлесіп, тегін кеңес алуға тілек білдірушілерге «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырды.

Акцияға Департамент бөлімдерінің басшылары, «Парасат» заң кеңесшілер палатасы, «Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ, жеке нотариус және БАҚ өкілдері қатысты.Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық қорғалу деңгейін арттыру бойынша кеңес беру алаңын құру.Шара барысында тұрғындар заңды тұлғаларды тіркеу, сот актілерін орындау, алименттерді өндіріп алу, сыйға тарту шарты, жер учаскесі бойынша, ПИК, ЖШС басқарушылық үлесті бөлу, сатып алу-сату шарттары, сондай-ақ мұраны ресімдеу және жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша сұрақтар қойды.Акция соңында 28 азамат білікті заң көмегін алды.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі

Пресс-служба Департамента юстиции ВКО