23 қарашада азаматтардың құқықтық білімін көтеру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалымен бірлесіп, «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өткізілді.
Әділет Департаментінің басшысы орынбасары бастаған ақпараттық-насихат жұмысына Орал қалалық Әділет басқармасының басшысы, Департаменттің бөлім басшылары, адвокат және жеке нотариустар белсенді қатысты.
Қабылдауға келген азаматтармен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұрагерлікке ену, тұрғын-үй алу тәртібі, алименттік төлемдерді өндіру және т.б. қойылған сұрақтарына мамандармен құқықтық кеңес беріліп, қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді.
Акция облыс аумағында бірыңғай өткізілді. Шара соңында қатысушылар тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің баспасөз қызметі