ҚР Әділет министрлігі VIII Азаматтық форум аясында панельдік сессия өткізді

ҚР Әділет министрлігі VIII Азаматтық форум аясында панельдік сессия өткізді

Бүгін, 2018 жылдың 28 қарашасында, Тәуелсіздік сарайы алаңында өткізіліп жатқан VIII Азаматтық форум аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде Әділет министрлігінің жұмысына ҮЕҰ тарту мәселелері» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.

Шараға ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан, Әділет министрлігі Департаменттерінің директорлары және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Панельдік сессияның негізгі мақсаты -  мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы сенімді нығайту болып табылады.

Өз сөзінде вице-министр Н.Пан ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесудің негізгі мәселелерінің бірі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу болып табылатынын атап өтті.

Вице-министр азаматтық сектор өкілдерін аталған жұмысқа белсене қатысуға, оның ішінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы арқылы өз пікірлерін білдіруге шақырды.

Сессия барысында НҚА-ны әзірлеу және бекіту,  әзірленіп жатқан жобалардың сапасы және НҚА-ны әзірлеуге ҮЕҰ-ны тарту туралы мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен кәсіптік ҮЕҰ-мен салалық кездесулер өткізіліп жатыр.

Анықтама: Министрлік жанында Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссия мүшелерінің 40%-дан астамы үкіметтік емес сектордың өкілдері. Сондай-ақ, министрлікте шамамен 70% ҮЕҰ мүшелерінен тұратын Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

 

 

ҚР Әділет министрлігі

Баспасөз қызметі

87025215582