Алдағы уақытта өтетін жария тыңдау туралы хабарландыру

Алдағы уақытта өтетін жария тыңдау туралы хабарландыру

Тыңдауды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс;

Тыңдау өтетін орын,  мерзімі және уақыты:

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, р-этаж, мәжіліс залы («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ),                       2020 жылғы 9 шілде, сағат 12.00;

Субъектінің атауы:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бағалар жобасын жариялауға хабарлама немесе ақпарат берілген,  мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түрі:

Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін мемлекеттік техникалық тексеру (бұдан әрі – МТТ).

  • Жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық санаттарының (жекеменшік үйлер, саяжайлар, жеке гараждар, көппәтерлі тұрғын үйлер, көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес мақсаттағы объектілер және өзге де құрылыстар және олардың құрамдас бөліктері) жер учаскелерін МТТ;
  • Автожолдар немесе өту жолдарын МТТ;
  • Жағалауларды МТТ;
  • Көпірлерге, жол өтпелеріне және байланыс бағандарын МТТ;
  • Жолдардағы құбыржолдарды МТТ;
  • Жасыл желектерді МТТ;
  • Электр желілерін МТТ;
  • Қалалық электр көлігін МТТ;
  • Су құбыры, жылу, газ, кәріз (жауындық, жалпы ағындықты қоса алғанда) жүйелері мен байланыс желілерін МТТ;
  • Теміржолдар мен метроны МТТ;
  • Бөгетті, дамбаны МТТ;
  • Тоғандарды, су айдындарын, су қоймаларын, жасанды аралдарды МТТ;
  • Ирригациялық және дренаждық арналарды МТТ;
  • Сәулет ескерткіштерін МТТ;
  • Жер учаскесіндегі ғимараттар мен құрылыстардың толық бұзылуын анықтау;
  • Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;
  • Салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау.

Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат  алуға болатын байланыс телефондары: 8(7172) 55 89 48

Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары:                 8 (7172) 95-50-38, ішкі 121, 278, 134,184, 8 (7172) 95-51-51 немесе ұялы нөмірлері 8 702 175 8272, 8 702 779 8255

Уәкілетті мемлекеттік органның  интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда): adilet.gov.kz

Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда): gov4c.kz

 

Жария тыңдаулар – бұл мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі екенін естеріңізге саламыз.