Қостанай облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Қостанай облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында Қостанай облысы «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Әділет департаменті басшысының қабылдауы болды.

Қабылдау барысында, жүгінген азаматтардың қойылған сұрақтарына құқықтық кеңес берілді. Егжей-тегжей қарастыруды талап ететін сұрақтар ерекше бақылауға алынды және қысқа мерзім ішінде олардың шешілуін анықтап алу мәселесі бойынша тапсырма берілді.

Шара, халық алдында әділет органдардың бүкпесіздігін және сенімін нығайтуына  мүмкіндік береді.

 

 

Қостанай облысы

Әділет департаменті баспасөз қызметі