Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және King's College London ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және King's College London ынтымақтастықты кеңейтуде

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Қазақстанның 28 сот сарапшысы Лондонда тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама барысында, өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында сарапшылар King's College London профессорлары өткізетін тренингтерде қатысып, Біріккен Корольдіктің сот-сараптама қызметімен айналысатын ұйымдарының жұмыстарымен танысуда.

«Біз сарапшыларды Қазақстанның Әділет министрлігімен тығыз қарым-қатынасымыздың бір белгісі ретінде әрдайым асыға күтеміз. Біріккен Корольдіктен алынған тәжірибе, Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін дамытуға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді доктор Нунзианда Фрасионе.
2016 жылдың қазан айынан бастап «Сот сараптамасын күшейту» жобасы сот-сараптама ғылымының және оны қамтамасыз етудің кейбір аспектілерін, зертxана менеджментін қоса алғанда, мамандарды дайындау, реттеу және басқаруды қарастырады. Осының бәрін Біріккен Корольдік және Қазақстан ұйымдарының консорциумы ұйымдастыруда, соның ішінде King's College London бар. Аталған жоба Қазақстанның Әділет министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізетін «Сот төрелігі секторын институционалдық күшейту» бағдарламасының жалғасы болып табылады.
«Мен, біздің сот сарапшыларымыздың бір бөлігі болуға және осы салтанатты кездесуде сөз сөйлеуге қуаныштымын. King's College London - мен бірге біздің жобамыз Қазақстандағы жұмысымызды көрсетуге және сот сараптамасы саласында үлкен тәжірибесі бар әріптестерімізбен пікір алмасуға үлкен мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деді 2018 жылдың қыркүйек айындағы салтанатты кездесуде, Сот сараптамасы секторын күшейту жөніндегі жобаның жетекшісі Юрий Бикбаев.
«Мен Қазақстандағы сот сараптамасы реформасының бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», - деді сот сараптамасын күшейту бойынша жоба жетекшісі Юрий Бикбаев. «King’s College London біздің жобада маңызды рөл атқарды және бұл келешекте серіктестікті нығайтуға және нәтижелілікке жақсы мүмкіндік.