Ағымдағы жылғы 30 қарашада ҚР Әділет вице-министрі Пан Натальяның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Келесі заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылды:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Әділет вице-министрі – Пан Наталья Вассарионовна );
«Ағылшын және Еуропа құқығының қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Әділет вице-министрі – Пан Наталья Вассарионовна ).
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru