
2018 жылғы 29 қарашада Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және мемлекеттік тіркеу жіберу туралы семинар өткізді.
Семинарға АҚ «ҰАТ», Павлодар облысы бойынша тексеру комиссия, жергілікті атқарушы және өкілді органдарының өкілдері қатысты.
Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» № 569 қаулысына сәйкес, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу бойынша өзекті сұрақтары талқыланды.
Павлодар облысы
Әділет департаменті