Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Азаматтарды қабылдау орталығында Бекболат Молдабеков тұрғындардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.
Орталыққа келген Астана тұрғындары нотариустар мен заң кеңесшілерінің әрекетіне шағым түсірді.
Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орталық аппараттың құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырмалар берілді.
Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.