
2020 жылдың 11 маусымында Zoom- конференция форматында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша 28 мамырда жаңа редакцияда қабылданған Қағидаларды талқылау мақсатында семинар өтті.
Семинар барысында заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолдану тәртібі айтылды.
Іс- шараға азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары және Әділет департаменттерінің 100-ге жуық қызметкерлері қатысты.
Семинар соңында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.