Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Әділет министрлігі қызметінің ЕСЕБІ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Әділет министрлігі қызметінің ЕСЕБІ

Министрліктің қызметін цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша

«Digital Justice» (Цифрлық әділет) бағдарламасы шеңберінде нотариатты, заң шығару процесін, мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыру жөнінде шаралар қабылданды.

Келесі жобалар іске асырылды:

  1. «Цифрлық нотариат». Жоба азаматтар тарапынан қосымша шығындарсыз нотариаттық қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруды көздейді.

2023 жылдың 11 сәуірінен бастап Министрлік нотариалдық қызметтерді (сенімхаттарды беру, ерлі-зайыптылардың келісімдері және консультациялар) онлайн форматқа ауыстыру бойынша «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосты.

Мүлікті иеленумен байланысты сенімхаттардан басқа сенімхаттардың барлық түрлері азаматтарға eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді.

«Цифрлық сенімхаттар» қызметі банктер мен өзге де жеке меншік ұйымдар қосылған eGov Mobile «Цифрлық сенімхаттар» сервисінде қолжетімді.

Аталған қызмет тұрғындар арасында сұранысқа ие болды және жақсы қабылданды. Жоба іске қосылған кезден бастап 39 мың сенімхаттар мен 6 мың ерлі-зайыптылардың келісімдері рәсімделді.   

Жобаны кеңейту шеңберінде 2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Нотариалдық онлайн кеңес беру» нотариустың қосымша қызметі іске қосылды.

Енді азаматтарға нотариалдық қызметпен байланысты кез келген заң мәселелері бойынша сұраққа үйден немесе кеңседен шықпай жауап алуға мүмкіндіктері бар. Нотариустар кез келген сұрақтарға жауап береді, бұл уақыт үнемдеуге және сенімді ақпаратты небәрі 1 ЕАҚ мөлшеріндегі ақыға ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік береді.  

Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйегінде ерлі-зайыптылардың келісімін онлайн рәсімдеу қызметі іске қосылды. Аталған құжатты цифрлық түрде рәсімдеу үшін онлайн өтінім беру және қажетті қызметті бейнеқоңырау арқылы алу жеткілікті. Бүгінде бұл сервиспен 6,5 мыңға тарта азамат пайдаланды.   

  1. Меншік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) цифрландыру (онлайн дауыс беру және МИБ тіркеу) - дауыс беру процесінен бастап тіркеуге дейінгі рәсім ҮйБасқару қосымшасында қолжетімді.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қосымша арқылы Меншік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) құру аясында электрондық дауыс беру бойынша ҮйБасқару жобасы іске асырылуда. Бұл процесте барлық жағдайдардың тиісті тіркеуі және электрондық нысанда хаттаманың автоматты түрде қалыптасуы жүргізіледі.

Сондай-ақ, дауыс беру хаттамаларында қол қоюды бұрмалауға байланысты алаяқтық әрекеттерге жол бермейтін МИБ төрағасын ауыстыру жөніндегі сервисі іске қосылды. Осы күнге дейін 54 МИБ тіркелді және
11 басшы ауыстыру жүргізілді.

Бұл жоба дауыс беру хаттамаларында қол қоюды бұрмалауға байланысты алаяқтық әрекеттерге жол бермейді, үйді басқарудағы процестерді оңтайландырады, қағаз құжат айналымын болдырмайды.

Қазіргі уақытта осы функцияны өзге қосымшаларда кеңінен насихаттау жұмыс бойынша жұмыс жүргізілуде.

  1. Аттестаттау реинжинирингі (ЖСО, нотариустады, адвокаттарды, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдер).

2023 жылдың мамырынан бастап аттестаттау реинжинирингі іске қосылды. Жоба арқылы лицензияланатын қызметтің жетекшілік ететін түрлерінің процестері оңтайландырылды, комиссиялық әңгімелесу кезеңі онлайн форматтағы  компьютерлік тестілеуге ауыстырылды. Нәтижесінде аттестаттау рәсімінің айқындылығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді, мемлекеттік қызметтер мерзімі қысқартылды.

Республика бойынша жаппай іске қосу 2023 жылдың желтоқсанын айында бастау алды.

Пилоттық жоба іске қосылған кезден бастап 1932 үміткер өтінім берді, оның ішінде 376 тұлға оң нәтиже көрсетті.

  1. «Е - заң көмегі» - құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде адвокаттар мен заң консультанттары қызметінің процестері автоматтандырылған.

Жүйеде қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі сатысында мемлекет кепілдік берген заң көмегінің процестері автоматтандырылған. Ол үшін Бас прокуратураның «Е-қылмыстық іспен» тиісті интеграциялары жүргізілген.

Адвокатты автоматты түрде таңдау «ыңғайлы» адвокатқа қоңырау шалу қаупін жоюға мүмкіндік берді. Жүйенің алгоритміне сәйкес адвокат кезекшілер арасынан кезекпен таңдалады.

2023 жылы жүйенің мобильді қосымшасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді, соның ішінде онлайн құқықтық кеңес беру, келу мен кетуді автоматты түрде тіркеу (адвокаттың орналасқан жерін/оқ тіркеу), соның арқасында есептерді қажетті деректермен толтыру процесі автоматтандырылды.

Тұтастай алғанда, мемлекет кепіл берген заң көмегі саласын автоматтандыру күнделікті процестерді оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар мемлекет кепіл берген заң көмегін көрсету кезінде тағайындау мен шығыстардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру.

Министрлікте атқарушылық іс жүргізу процестерін автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

2023 жылы АІЖ ААЖ мобильді қосымшасы енгізілді, ол онлайн режимде сот орындаушысының жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тараптардың атқарушылық іс жүргізу материалдарымен онлайн танысу және сот орындаушысынан хабарлама алу мүмкіндігі бар.

Ведомстволық бақылауды күшейту және өндіріп алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында түрлі талдаулар жүргізудің икемді мүмкіндіктері бар жүйенің талдамалық функционалы әзірленді. Бұл ұйымдастырушылық әдістермен атқарушылық іс жүргізу сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Автокөлік құралдарына тыйым салу және алып тастау сервисі енгізілді.

Қамтамасыз ету шараларын автоматты түрде алып тастай отырып, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы берешекті төлеу сервисін көбейту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сервистер Каспий, Қазпошта, Жусан және Береке банктерінің қосымшаларында жұмыс істейді. Халық Банкі мен Фрид қаржы қосылады деп күтілуде.

  1. Атқарушы өндірісті «роботтандыру».

Атқарушылық іс жүргізу бойынша «Робот» іске асырылды, ол Жеке сот орындаушысының қатысуынсыз атқарушылық іс жүргізуді қозғайтын болады.

Сондай-ақ, 2023 жылы борышкерді берешекті төлеу қажеттілігі туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының қатысуынсыз (әкімшілік айыппұлдар бойынша 10 АЕК дейін) атқарушылық іс жүргізуді автоматты түрде қозғау бойынша пилоттық жоба (Тараз қаласында) іске қосылды.

Осы жобаны енгізудің оң әсері ЖСО қызметіне ақы төлеу бойынша азаматтарға қаржылық жүктемені азайту (өндіріп алу сомасының 25%), қағазбастылықтан толық бас тарту, адами факторды алып тастау болып табылады.

Қазіргі уақытта «роботты» техникалық іске асыру аяқталды, оны қолдану үшін заңнамаға өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

  1. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлік 53 қызмет көрсетеді.

53 қызметтің 32 түрін әділет органдары, Мемлекеттік корпорация 28 түрін көрсетеді (Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша қызметтің 7 түрі Мемкорпорацияда қайталанады).

Қазіргі уақытта Министрліктің барлық қызметтері egov.kz. сайтында қолжетімді.

2023 жылғы қаңтардан бастап egov порталында АХАЖ-ға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу процесі автоматтандырылды, сондай-ақ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемаларын) қоса алғанда, тіркеуші орган куәландырған тіркеу құжаттарының көшірмелерін беру жөніндегі қызмет толық автоматтандырылды.

2023 жылғы маусымда бала туу жөніндегі мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті форматта көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

2023 жылдың қазан айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Қызмет көрсетуге арналған өтінішке қол қою кезінде биометриялық верификацияны қолдана отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрық қабылданды.

Сондай-ақ, ЕgovMobile мобильдік қосымшасында Министрліктің 53 мемлекеттік қызметінің 30 қызметі, 20 сервис және 5 цифрлық құжаты шығарылды.

Бұл ретте оларды көрсетуді жетілдіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, сондай-ақ оларды танымал мобильді қосымшаларға көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Қазіргі уақытта банктердің мобильді қосымшаларында қызметтер қол жетімді:

- Kaspi kz және Halyk Homebank арқылы некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;

-Bereke Bank «B-Business» мобильді қосымшасы арқылы ЖШС тіркеу;

- Kaspi kz және Halyk Homebank арқылы баланың туу туралы куәлігін алу;

- Halyk Homebank арқылы заңды тұлғалар және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер.

 

Қызмет көрсету сапасының мониторингі бойынша

Әділет органдарының қызметтеріне 20 (2022ж. – 23) (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, СҚО, БҚО, Ұлытау, Жетісу облыстары), құрылымдық бөлімшелерге 4 (ТҚжЗҚКД, МОД, ЗМҚД, СҚҰД) және ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2 (ҰЗМИ, ССО) тексеріс жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартулар негізділігіне мониторингтер жүргізілді.

2023 жылдың басынан 22 бұзушылыққа (2022ж. – 182) жол берілді (мерзімнің бұзылуы – 2, бас тартуға негіз бола тұра қызметті көрсету – 1, бизнес-процестің бұзылуы – 12, негізсіз бас тарту – 6, негізсіз үзіліс жариялау – 1).

Тәртіптік жауапкершілікке 5 қызметкер тартылды (2022ж. – 21).