Әділет министрі Қоғамдық кеңестің отырысында ведомство қызметі туралы есеп берді

Әділет министрі Қоғамдық кеңестің отырысында ведомство қызметі туралы есеп берді

Бүгін, 11 маусымда ZOOM-конференция форматында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда Марат Бекетаев Министрліктің 2019 жылғы қызметі туралы есеп беріп, ведомствоның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.

Атап айтқанда, 2019 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер еңгізілді. Қазіргі уақытта Сенатта Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің жобасы қаралуда, сондай-ақ заңнамалық актілерді әзірлеу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске ұсынылды.

Ведомство сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдауда. Атқарушылық әрекеттерді кабинеттен тыс жасауға мүмкіндік беретін АІЖОААЖ мобильді қосымшасын әзірлеу жоспарлануда.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы негізінде «Әлеуметтік қор» құрылды. Мақсаты, атқарушылық іс жүргізу тараптары болып табылатын әрі әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға көмек көрсету.

2019 жылы 150 мың азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде тегін заң көмегін алды, ал кешенді әлеуметтік тегін заң көмегіне 2 000 астам азамат жүгінді.

Халыққа барынша ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша эксаумақтық қағидат еңгізілді. Оның негізінде қайталама куәліктер мен анықтамаларды азаматтың туған жері, акті тіркелген және тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің кез-келген АХАТ органдарынан алуға болады.

Зияткерлік меншік саласында патенттік ведомство көрсететін мемлекеттік қызметтер 100% автоматтандырылды.

Сараптама қызметі саласында "Төрелік", "Е-қылмыстық іс" және "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесімен біріктірілген "Е-saraptama" ақпараттық жүйесі әзірленді, оны ағымдағы жылы іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Отырысты қорытындылай келе, Қоғамдық кеңестің мүшелері бір жылда бірлесіп біраз жұмыс жасалғанын атап айтып, Министрлік қызметінің тиімділігін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берді.