
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін аккредиттеу туралы куәліктер (үш жыл мерзімге):
- «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне;
- «Қазақстан Автомобиль Тасымалдаушылары мен Экспедиторлар Одағы» Одағы нысанындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестіктеріне;
- «Қазақстанның Автокөлік Одағы» Заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «PetroMining ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне берілді